«Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы аясында полиция қызметкерлері оқушылар арасында тұрақты негізде кездесулер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Оқушылармен кезекті жұмыс кездесуі Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының жедел-криминалистикалық бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Т. В. Дымочканың қатысуымен өтті.
Осы іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы мәселелер қамтылды. «Бопсалау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі».
Сондай-ақ, кездесуде темекі өнімдері мен темекі қоспаларын тұтынудың зияны туралы тақырыптар қозғалды. Әңгіме полицияның кәсіби қызметі мен білімінің нақты мысалдары мен фактілеріне негізделген.